08 желтоқсан 2021 13:43

Қазақстаннан заңсыз жолмен 1,3 миллион қорап темекіні өткізбек болғандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтынкөл-жол" кеден бекетінде техникалық реттеу шараларын бұза отырып, Қырғызстан аумағына 1 315 000 қорап темекінің ірі партиясын өткізбек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Алтынкөл-жол" кеден бекетінде техникалық реттеу шараларын бұза отырып, Қырғызстан аумағына 1 315 000 қорап темекінің ірі партиясын өткізбек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға ҚХР-мен шекаралас Алтынкөл стансасында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден бекетінің қызметкерлері екі контейнерді қосымша тексерген кезде орын алған.

Кедендік бақылауға ұсынылған құжаттарда мыналар көрсетілген: тасымалданатын тауар, MAX7 маркалы сигареттер жалпы саны 2630 орын, салмағы 31 560 килограмм 1 315 000 қорап 91,5 миллион теңге (210 мың доллар) сомасында декларацияланған. Жүк алушы - Қырғызстан ЖШҚ, жүк жөнелтуші - БАӘ компаниясы.

Тексеру нәтижелері бойынша тауардың ЕАЭО-ға Техникалық реттеу нормаларын бұза отырып әкелінгені анықталды.

Алматы облысы Панфилов аудандық сотының қаулыларымен жүк алушы "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 545-бабында көзделген құқықбұзушылықтарды ("Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртібін сақтамау") жасауда кінәлі деп танылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети