22 желтоқсан 2022 | 17:53

Қазақстаннан заңсыз шығарылған қанша қаражат қайтарылды?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура шетелден қанша актив Қазақстанға қайтарылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура шетелден қанша актив Қазақстанға қайтарылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қызметінің басшысы Артур Ластаевтың айтуынша, 2022 жылдың 6 айында мемлекетке 631 миллиард теңге қайтарылған.

"Оның ішінде: 421 миллиард теңге қылмыстық істер бойынша келтірілген залалды өтеу түрінде өтелді, оның 314 миллиард теңгесі ақшалай, 107 миллиард теңгесі асыл тастар мен металдар түрінде өтелді. Қалған сома монополиясыздандыру жұмыстары барысында өтеледі", - деді Ластаев.

Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаевтың айтуынша, қылмыстық қудалау аясында 631 миллиард теңгенің 400 миллион доллары шетелден қайтарылған.

Олигополиялар меншігінен құны 6,5 миллиард теңгеден аса 398 мың гектар жер қайтарылды. Бас прокурордың наразылығымен Жоғарғы Сот бұрын олигополия субъектілерінің пайдасына шығарылған 17 сот актісін жойды. Бұл 600-ден аса кірме теміржол желісін қайтаруға, жол жүру ақысын төмендетуге, мемлекет мүддесін 21,1 миллиард теңгеге қорғауға мүмкіндік берді.

"Ақшаны жылыстатуға және активтерді қайтаруға қарсы күреске шетелдік серіктестерді белсенді түрде тартып жатырмыз. Атап айтқанда, қазанда Кипрмен қылмыскерлерді беру және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісімдерге қол қойылды. Жалпы алғанда, Қазақстан 34 елмен келісім жасасқан. Олардың арасында Қытай, АҚШ, Үндістан, Бразилия және басқа да мемлекеттер сияқты ірі державалар бар", - деді Тәшімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети