Талдықорғанда туған Муслима Саматқызы Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны болды. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Талдықорғанда туған Муслима Саматқызы Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны болды. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Муслима отбасында екінші бала. Туғанда 3 300 грамм болды, бойы - 51 сантиметр. Баланы ата-анасы Талдықорғанда тұрады: шешесі - Омарханова Диана Ерікқызы - дефектолог, 1991 жылғы, әкесі - Бестібаев Самат Еркінбайұлы - мұғалім, 1982 жыдғы", - деді министр.
ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметінше, 2017 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының халқының саны 18 миллионға жетті. 18 миллионыншы тұрғын 11 мамырда туған.