Қарлы боран салдарынан үш облыста жол учаскелері жабылды. Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін және Теміртаудан Қарағандыға дейінгі жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарлы боран салдарынан үш облыста жол учаскелері жабылды. Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін және Теміртаудан Қарағандыға дейінгі жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
QazAvtoJol баспасөз қызметінің мәлімтінше, Астанадан екі облыс арқылы өтетін бір тасжолдың екі бөлігі жабылған:
- Астана - Ерейментау - Шідерті 16-200 шақырым, Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейінгі учаске;
- Астана - Ерейментау - Шідерті 200-254 шақырым, Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі учаске.
Сонымен қатар, сағат 13:30-да ауа райының нашарлауына, боранға, көрінудің шектелуіне байланысты Қарағанды және Павлодар облыстарында көліктің барлық түрлері үшін келесі учаскелерде қозғалысқа шектеу енгізілді:
- Қызылорда - Павлодар 967-1135 шақырым, Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін;
- Екатеринбург - Алматы шақырымдары 1446-1457, Теміртаудан Қарағандыға дейін;
- Қызылорда - Павлодар 1135-1206 шақырымдар, Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!