Қазақстанның 4 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 4 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады Фото:depositphotos.com/Onyx124

Синоптиктер төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 27 қыркүйекте Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Синоптиктер 27 қыркүйекте Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын да ұсынды.

"Солтүстік-батыс антициклонының екпінінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде салқын, негізінен жауын-шашынсыз болады, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен түнде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, кей жерлерде дауыл (жаңбыр, қар жауады), түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі", – деп хабарлады метеорологтар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети