Қазақстанның 5 өңірінде жолдар жабылды: толық тізім

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 5 өңірінде жолдар жабылды: толық тізім Архив сурет © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде жол қозғалысына шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде жол қозғалысына шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылғы 30 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлеріне келесі республикалық автожол учаскелерінде шектеу қойылды:

Ақмола облысы:

  • "Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы);
  • "Көкшетау – Рузаевка" автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
  • "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық" автожолының 2-50 шақырым арылығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • "Астана – Көкшетау– Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 341-367 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы - Келлеровка ауылы);
  • "Көкшетау – Рузаевка" автожолының 61-91 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасынан – Саумалкөл ауылына дейін);
  • "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық" автожолының 50-85 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы).

Қарағанды облысы:

  • "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз" автожолының 17-217 шақырым аралығында (Қарағанды қаласы – Қарқаралы ауылы).
  • "Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара" автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);
  • "Теміртау – Ақтау – Бастау" автожолының 0-53 шақырым аралығы (Теміртау қаласынан Бастау ауылына дейін)

Қостанай облысы:

  • "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 8-108 шақырымы аралығында (Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін).

Павлодар облысы:

  • "Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара" автожолының 137-231 шақырымы аралығында (Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.15  course up  592.2  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети