Қазақстанның 8 өңірінде мектеп дәретханасына қатысты мәселе әлі шешілмеген - БҒМ

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 8 өңірінде мектеп дәретханасына қатысты мәселе әлі шешілмеген - БҒМ 24.kz видеодан кадр

Қазақстанның сегіз өңірінде дәретханасы далада орналасқан мектептер әлі де бар. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның сегіз өңірінде дәретханасы далада орналасқан мектептер әлі де бар. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылының алдында БҒМ-ның Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері еліміздің барлық өңіріндегі әкімдіктерге қарасты мектептерді тексерген.

"Тексеріс барысында Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында мектеп дәретханасына қатысты мәселе 100 пайызға орындамағаны анықталды. Бұған дейін үкімет мектеп жанындағы барлық көше дәретханаларын оқу жылының басына дейін жою міндетін қойған еді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министрлікте дәретхана кабиналары, қол жуатын раковиналар, қолды жууға және кептіруге арналған құралдар болуы бойынша эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне сұрақтар туындайтыны айтылды.

"Бұл ретте, қысқа мерзімде жергілікті атқарушы органдар 2 600-ден аса дәретхана салғанын атап өту қажет. Сонымен қатар, Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында бейнебақылау камераларын орнату мәселелері толық шешілген жоқ.

​Білім және ғылым министрлігі мектептерге қатысты тапсырмаларды орындамаған тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін бірқатар өңір әкімдігіне хат жолдады. Әңгіме көшедегі дәретханалар, бейнебақылау камералары, дабыл түймелері және қауіпсіздік жүйесінің басқа да элементіне байланысты проблемаларды шешу туралы болып отыр", - деді ведомство өкілі.

БҒМ бұл ретте мектептерді қаржыландыру функциялары, оларды салу және қажетті жағдайлар жасау, оның ішінде санитарлық жағдай жасау, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелері әкімдіктердің құзыретінде екенін айтты.

2019 жылдың қарашасында Тараздағы мектептердің бірінде 12 жастағы қыз зорланған. 7 сынып оқушысы география сабағының уақытында көшедегі дәретханада зорлық-зомбылыққа ұшырағаны хабарланған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы оқиғадан кейін аймақ әкімдеріне дәретханалар мен бейнебақылау мәселелерін 2020 жылы шешуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети