Қазақстандық БАҚ бейқам. Бұл жөнінде "Алма-ТВ" бас директоры Жомарт Ертаев І қазақстандық аймақтық БАҚ форумында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық БАҚ бейқам. Бұл жөнінде "Алма-ТВ" бас директоры Жомарт Ертаев І қазақстандық аймақтық БАҚ форумында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2012 жылы заң қабылданды, ол заң кабельдік операторларға 12 отандық телеарнаны таратуды міндеттеген болатын. Мен бұдан еш мағынасыздықты көріп тұрған жоқпын. Бірақ бір нюанс бар: менің ойымша біз бұқаралық ақпарат құралдары өзіміз соншалық бейқам ұстанымдамыз. (...) БАҚ төртінші билік ретінде либерал жұмыс жасау әдісімен бәсең жылжымалы күйде мемлекеттік реттеу жағына ығысып барады. Бұл өте дұрыс емес, сондықтан мен пішіп-кеспей-ақ қояйын. Бірақ менің көзқарасым бойынша, бұдан бір бейқамдық пайда болады: біз істей алмаймыз, біз осының барлығын реттеу отыруымыз керек, үкімет шешсін, үкімет бас қатырсын деген", - деді Ертаев.
Алма-ТВ басшысының айтуынша, ол БАҚ өкілі ретінде ақпараттық алаңға қандай да бір шабуыл жасалғанын байқамаған. Айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары медиаалаңда әзәзіл жағдайды өздері туғызып алған. "Біз өзіміздің қорғанысымыз туралы айта бастасақ, бізге біреу тап берейін деп жатыр деген болжам жасаймыз. Бұқаралық ақпарат құралын тұтынушы ретінде баға берер болсам және қазір БАҚ өкілі ретінде де, бізге шабуылдап жатқан ешкім де байқамадым. Біз медиадағы жайттарды аздап әзәзілдеп жібереміз", - деді Ертаев.
Оның айтуынша, біздің ресейлік БАҚ идеологиясынан қорғанып жататынымыз жиі айтылады, Ертаев мұның түп-тамыры дұрыс емес деп есептейді. "Ресейлік БАҚ-тың контенті әлдеқайда сапалырақ және қазіргі таңда ол Қазақстан аудиториясында үлкен сұранысқа ие. Одан да екі ел арасында бәсекелестік туғызу туралы мәселе қозғаған дұрысырақ болар еді", - деді Ертаев.
Аймақтық БАҚ форумына барлық елден 200 делегат қатысты. Форумда Қазақстан мен Ресейдің медиа саласы мамандары мен атақты журналистері сөз сөйледі.