1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Дональд Трамппен кездесті25 сәуір 2017, 11:36

© ҚР СІМ баспасөз қызметі © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов Дональд Трамппен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ержан Қазыханов АҚШ президентіне сенім грамоталарын тапсырды.

"Ақ үйде өткен әңгімелесу барысында Ержан Қазыханов АҚШ президентіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан игі тілектерді жеткізді. Кездесу аясында Қазақстан елшісі екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің барлық бағыттар бойынша нығайып жатқанын, сондай-ақ, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, құқықтық және мәдени-гуманитарлық бағыттарда қарым-қатынастардың дамып жатқанын айтып өтті", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Өз кезегінде Дональд Трамп Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін жоғары бағалап, еліміздің халықаралық және өңірлік қауіпсіздікпен қамтамасыз етудегі үлесін айтып өтті.

"АҚШ президенті Қазақстан мен Америка қарым-қатынасын кеңейткісі келетінін және алдағы Астанада өтетін халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесіне қолдау көрсететінін айтты", - делінген СІМ хабарламасында.