Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 18 қаңтарда елдің алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 18 қаңтарда елдің алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с болады.

Шымкентте түнде және таңертең кей уақытта тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети