Қазақстанның арнайы ХҚКО-ларында ақау шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның арнайы ХҚКО-ларында ақау шықты Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстандықтарда жүргізуші куәлігін ауыстыруда қиындықтар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарда жүргізуші куәлігін ауыстыруда қиындықтар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияның WhatsApp-нөміріне жүргізуші куәлігін ауыстырмақ болған Алматы тұрғыны хабарласты. Бірақ ол мұны арнайы ХҚКО арқылы да, екінші деңгейлі банк қосымшасы арқылы да орындай алмаған.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгінді. Ведомство қазіргі уақытта арнайы ХҚКО жұмысында шынымен де қиындық бар екенін растады.

"Қазақстан бойынша Ішкі істер министрлігінің көлік құралдарын тіркеу ақпараттық жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты арнайы ХҚКО-да шетелдік автокөліктерді заңдастыруға құжаттарды қабылдау уақытша тоқтатылды.

Жауапты қызметтер жүйе өнімділігін қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Арнайы ХҚКО-да қабылдауды қалпына келтіру туралы кейінірек хабарланады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласы бойынша филиалының PR менеджері Жаңыл Әпетова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети