Қазақстанның арнайы ХҚКО-ларында ақау шықты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның арнайы ХҚКО-ларында ақау шықты

Қазақстандықтар арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет ала алмайтынына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет ала алмайтынына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияның WhatsApp нөміріне хабарласқан Алматы тұрғындарының айтуынша, қаладағы арнайы ХҚКО екі күннен бері жұмыс істемейді.

"Адамдар екі күннен бері көліктерін тіркей алмай жүр. Мыңдаған адам күтіп отыр. Мысалы, кеше мен көлігімді тіркей алмағандықтан жұмыссыз қалдым, таксиге ысырап болдым. Мереке күндері қалай көліксіз жүреміз? Кеше таксиге шынымен 12 000 теңге жұмсадым", – деп ашуланады алматылық Сәуле.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Тengrinews.kz тілшісіне 2 және 3 мамырда арнайы ХҚКО қызметтерінде техникалық ақаулар орын алғанын мәлімдеді.

"2 мамырда мемлекеттік мекеме жағындағы желідегі техникалық ақауға байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызметтер қолжетімді болмай қалғанын хабарлаймыз, бүгінгі күні жұмыс жартылай қалпына келтірілді.

3 мамырда мемлекеттік корпорацияның серверлерінде оқыс оқиға орын алды. Нәтижесінде еліміздің барлық арнайы ХҚКО-ларында мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылды. Қазір жауапты мамандар ақауды жоюға кірісіп жатыр. Жұмыс қабілеттілігін толық қалпына келтіру туралы қосымша хабарланады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети