30 наурыз 2016 | 17:42

Қазақстанның ауасы ең қатты ластанған қалаларының тізімі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Астана, Алматы, Талдықорған және Түркістан ауасы ең жоғары деңгейде ластанған қалалардың тізіміне кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Igraphickz мәліметіне сілтеме жасап. Келтірілген мәліметтерге сәйкес, Астанада ауаны негізінен күкірт диоксиді ластайды екен, ол қоңыр көмір мен мазутты жағатын жылуэлектростанциялардың жұмысының, күкірті бар мұнай өнімдерін және күкірті бар рудалардан металл алу жұмыстарының нәтижесінде бөлінеді.

Иконка комментария блок соц сети

Ал Алматыдағы ауада азот диоксиді бар, ол өте жоғары температурада отынның жануы мен оттегінің шектен асуынан пайда болады. Ол негізінен автомобильден шығатын газ бен ЖЭС қалдығынан, сонымен қатар қатты қалдықтардың және газдың жануынан шығады екен. 

Зерттеу мәліметінше, Талдықорғанның ауасында РМ-10 бөлшектері мен күкіртті сутек бар. Олар қазбалы және өзге де отынның жануынан шығады. Күкіртті сутек органикалық заттардың ыдырауынан шығып, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылық аңын суларында, металлургиялық, химиялық, целлюлоздық-қағаз, былғары зауыттарында болады. Ал Түркістанның ауасында РМ-10 бөлшектері тіркелген. 

Павлодар облысындағы Ақсу қаласының ауасы ең таза болып саналады. Бұл елді мекенде ластаушы концентрациялық заттардың шегі бірде-бір рет бұзылмапты. 

Инфографикада 2016 жылдың қаңтар айы бойынша зерттеудің нәтижесі көрсетілген. 

Инфографика: © Igraphickz

Сонымен қатар, ауасы қатты ластанған қалалардың тізімі ұсынылды: Степногорск, Өскемен, Қостанай, Павлодар, Теміртау, Қарағанды және Глубокое ауылы. Ауасы жоғары деңгейде ластанған қалалар: Саран, Тараз, Шымкент, Орал, Петропавл, Жаңатас, Шу, Актөбе, Балхаш, Қаратау, Семей, Жезқазған, Атырау, ауылдар: Ақай, Қарабалық, Қордай, Январцево және Бейнеу. Ауасының ластану деңгейі төмен қалалар: Ақсу, Риддер, Қызылорда, Жаңаөзен, Екібастұз, Кентау, Рудный, Құлсары, Көкшетау, Ақтау, ауылдардан: Сарыбұлақ, Төретам, Березовка, "Бурабай" және Щучинск-Боровск курорт аймағы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети