Қазақстанның әуе қорғанысы заманауи зениттік зымыран кешенімен толықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның әуе қорғанысы заманауи зениттік зымыран кешенімен толықты Сурет: tengrinews.kz мұрағатынан

Еліміздің әуе шептерін қорғау үшін Қазақстанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне алғаш рет жаңа заманауи көпфункционалды "БУК-М2Э" зениттік зымыран кешені келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің әуе шептерін қорғау үшін Қазақстанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне алғаш рет жаңа заманауи көпфункционалды "БУК-М2Э" зениттік зымыран кешені келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа заманауи көпфункционалды "БУК-М2Э" өз класындағы ең тиімді зениттік зымыран кешені өкілдердің бірі саналатыны хабарланды.

"БУК-М2Э" ЗРК - жоғары мобильді заманауи зениттік зымыран кешені ұшу аппараттарын 99 пайызға дейін зақымдай алатын зымырандармен жабдықталған.

Кешен құрамына: жарықтандыру және бағыттау радиолокаторы, нысандарды анықтау станциясы, командалық пункт және іске қосу-зарядтау қондырғылары, сондай-ақ жауынгерлік тапсырмаларды орындауға арналған жөндеу шеберханалары мен арнайы зертханалар кіреді. Өздігінен жүретін зениттік зымыран кешені шынжыр табанды жүріспен орындалған. Кешеннің басты артықшылығы оның қозғалыстағы әуе нысаналары бойынша зымырандарды ұшыруға мүмкіндік беретін мобильдігі мен жоғары өтімділігі саналады.

"БУК-М2Э" көпфункционалды зениттік зымыран кешені "Алмаз-Антей" ШҚО концерні" АҚ-да жасалған. Қазіргі уақытта зауыт мамандары кешенді тапсыру және оны Қазақстанның ӘШҚҚ әскерлеріне жеткізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырып жатыр.

"БУК-М2Э" орта қашықтықтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары арасында өз класындағы ең жақсы қару деп атауға болады. Алынған кешен әуе кеңістігін және жауапкершілік аймағындағы маңызды объектілерді қорғау үшін әскерлердің жауынгерлік мүмкіндігін едәуір арттырады. Сынақтардан кейін ол елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне енгізіледі", - деп атап өтті ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов.

Суреттер: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети