14 сәуір 2023 | 15:58

Қазақстанның авиация билігі дрон иелері үшін Telegram-арнасын ашты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Азаматтық авиация комитеті мен Авиация әкімшілігі ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (ҰҰА) қолдануға арналған Telegram-арнасын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИИДМ мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Азаматтық авиация комитеті мен Авиация әкімшілігі ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (ҰҰА) қолдануға арналған Telegram-арнасын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИИДМ мәліметіне сілтеме жасап.

Dronekazakhstan арнасы ұшқышсыз ұшу аппарат иелеріне ҚР-ның әуе кеңістігін пайдалану мәселелері бойынша кеңес беріп, тиісті заң мәселелеріне байланысты жәрдем көрсетеді. Сондай-ақ, салалық нормативтік актілердегі өзгерістер мен ұшу жөніндегі шектеулер туралы хабардар етіп отырады.

Dronekazakhstan ҰҰА қолданып жүрген барлық азаматқа пайдалы болады деп күтіледі. Өйткені мұнда қажетті мәліметтер мен түсініктемелер, сондай-ақ осы аппараттардың қолданылуын реттейтін нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер туралы ақпарат жарияланып тұрады. Бұдан басқа, еліміздің авиациялық билік орындары бұл арқылы дрон иелерін ұшуға тыйым салынған аймақтар бойынша үйлестіріп, өңірлерде өткізілетін ауқымды іс-шаралардың жоспарына байланысты уақытша шектеулер туралы құлақтандырып отырады.

Қазірдің өзінде бұл арнада ұшуға тыйым салынған аймақтардың тізімі, ҰҰА-рын Қазақстанның әуе кеңістігінде пайдалануды реттеп, есепке қою мен НҚА-дегі оларға қатысты өзекті ережелер орналастырылған. Сонымен қатар, мақсатты аудиторияға "Қазаэронавигация" РМК сайтын пайдалана отырып, интернет пен v3.0 телефон байланысы арқылы ұшу жоспарларын ұсынудың тәртібі түсіндірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети