13 шілдеге қараған түні Қазақстанның барлық қаласында ұлттық аза тұту белгісі ретінде мемлекеттік ту түсіріліп, телеарналар эфирінен ойын-сауық бағдарламалар көрсетілімі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дүйсенбі күндіз ірі мешіттерде дұға оқылса, шіркеулерде ғибадат болады.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтарды ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.
13 шілдеде Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00-де бірминуттық үнсіздік жарияланады.
Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда тоғызыншы рет ұлттық аза тұту күні жарияланып отыр.
12 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустан 375 адам қайтыс болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!