Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды © REUTERS

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Бас санитар дәрігер қазақстандықтарды короновирусқа қарсы вакцинациялау жөніндегі ұсыныстарды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Бас санитар дәрігер қазақстандықтарды короновирусқа қарсы вакцинациялау жөніндегі ұсыныстарды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус инфекциясын халық арасында таралуын болдырмау мақсатында қаулы етемін:

Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасында халықтың коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация" әдістемелік ұсынымдары бекітілсін;

Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін вакциналарды сақтау және тасымалдау туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін", - делінген қаулыда.

Еске салайық, Қазақстанда жаппай вакцинация 1 ақпанда басталады. 

Бірінші кезекте ресейлік вакцина салынады. Ал қазақстандық вакцинаны кейінірек салу жоспарланған. Бүгінде ол клиникалық сынақтың үшінші кезеңінде. 

Кеше премьер-министр Асқар Мамин жаппай вакцинация бойынша тапсырма берген болатын. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети