03 сәуір 2018 16:40

Қазақстанның Бас прокуратурасы блокчейн технологиясын енгізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Бас прокуратурасы блокчейн технологиясын енгізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі ҚР БП баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстанның Бас прокуратурасы блокчейн технологиясын енгізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі ҚР БП баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде блокчейн технологиясы бойынша прокуратура қызметкерлеріне арналған үш күндік семинар-тренинг өткізілгені хабарланып отыр. 

Тренингтің мақсаты - ақпараттық технологиялар өнімдерінің қауіпсіздігін, ақпараттың өзгермеуінің кепілдігін, сондай-ақ дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету үшін блокчейн технологиясын прокуратура жұмысына енгізу.

 Тәуелсіз сарапшы, әлемдегі ең танымал ақпараттық-сараптамалық  ресурстардың бірі "Blockchain" негізін салушы - Едіге Дәулетқалиев блокчейн технологиясын қолдану тәжірибесімен бөлісті. Ол аталған технологияның архитектурасы, оны мемлекеттік секторға интеграциялау мүмкіндіктері, халықаралық стандарттар тұрғысынан деректер желісін жетілдіру мүмкіндіктері туралы айтып берді, сондай-ақ блокчейнді жасаудың негізгі сәттерін іс жүзінде көрсетті.

Семинар қатысушылары алған білімдер мен меңгерген дағдылар Бас прокуратураның "Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі" жобасын үшінші адамсыз, блокчейнді қолдану арқылы іске асыруға көмектесетінін атап өтті.

"Бұл технологияны енгізудің нәтижесінде деректер, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы бұрмалау болдырылмайды, азаматтар айыппұлдардың, олардың төленгені туралы деректердің тағы басқа дұрыстығына сенімді болады. Блокчейнге барлық деректер жинақталады және тұрақты түрде толықтырылып отыратын деректер базасы қалыптастырылады. Бұл деректер базасынан бір нәрсені алып тастау немесе блокты ауыстыру/басқасын қою мүмкін емес. Ол "шексіз" - онда транзакцияның шексіз санын жазуға болады. Блокчейннің басты ерекшеліктерінің бірі осы", - дейді прокуратура өкілдері.

Блокчейн - біркелкі бөлінген жеке-жеке деректер базасында сақталатын шифрланған ақпарат (цифрлы есепке алу журналы).

Blockchain термині оның міндеттері мен мақсатына сипаттама береді: "Block" - блок, құрсау, "chain" - тізбек. Осылайша, қатаң реттілікті ұстанатын блоктар тізбегі. Блоктардағы ақпарат кодталған криптографиялық нысанда сақталады. Блоктарды өзгерту үшін бүкіл тізбек бойынша ескі блоктар туралы ақпаратты ретімен есептеу қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети