Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаулы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы.
Елдің бас дәрігері мыналарды қаулы етті:
Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, орталық мемлекеттік органдар, көліктегі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті:
Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:
оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен барлық келетіндер кем дегенде 3 тәулік бұрын алынған анықтаманы ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады;
Қазақстан Республикасына шетелден келетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері болатын/тұратын жері бойынша COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауға жатады. Оларға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі;
Авиакомпаниялар басшылары:
1) Анықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуді;
2) ұшу кезінде жолаушылар мен экипажға сауалнама жүргізуді, оның ішінде толық толтырылғанын тексеруді, толық толтырылмаған жағдайларда қосымша сауалнама жүргізуді;
3) толтырылған сауалнамаларды, манифестті және әуе кемесінің бас декларациясын ұшып келетін әуежайдағы санитариялық-карантиндік пункттің маманына тез арада беруді;
4) тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және одан түсіру кезінде жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және маска режимін сақтауды;
5) әуе кемесінің бортында жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының болуын;
6) ұшу кезінде әуе кемесінің салонында жолаушылардың қозғалысын, сондай-ақ дәретхананың жанында жиналуын шектеуді;
7) қызметкерлерді жұмысқа жеке қорғаныш құралдары (медициналық маскалар, қолғаптар) болған кезде жіберуді;
8) дене температурасын өлшей отырып, қызметкерлерді ауысым алдындағы (ұшу алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өткізуді;
9) тұрақты халықаралық әуе қатынастарын қалпына келтіру алдында әуе кемелеріндегі ауа баптау, желдету жүйелеріне ревизия жүргізуді және сүзгілерді ауыстыруды қамтамасыз етсін.
Құжатты мына сілтеме арқылы немесе санэпидбақылау комитетінің сайтынан жүктеуге болады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!