01 сәуір 2014 | 11:06

Қазақстанның басқа да аймақтарында су тасқыны қаупі бар - Божко

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото news.ivest.kz сайтынан Фото news.ivest.kz сайтынан

Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысы Көкпекті аулындағы су тасқыны мәселесінен басталды. Үкімет басшысы Серік Ахметов апатта мерт болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты. Ал төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың айтуынша, бүгінде Қазақстанның басқа да аймақтарында су тасқыны қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысы Көкпекті аулындағы су тасқыны мәселесінен басталды. Үкімет басшысы Серік Ахметов апатта мерт болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты. Ал төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың айтуынша, бүгінде Қазақстанның басқа да аймақтарында су тасқыны қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

В.Божко атап көрсеткендей, Көкпекті су қоймасы 63 жыл бұрын пайдалануға берілген. Аталған нысан 1,5 миллион текше метр суға есептелген. Бүгінде оған "Шаңырақ" агрофирмасы" атты жеке меншік компания иелік етіп отыр. "Негізі, қойманың тасып жатқаны туралы ақпарат сәл ертерек, наурыздың 30-ы күні кешкі сағат 18:33-де түскен болатын. Ал наурыздың 31-іне қараған түні қоймадағы судың деңгейі шамадан асты. Бас кезінде қосымша арнаны қазу жұмыстары да қолға алынған. Алайда экскаваторлар тасты жерде қопара алмады. Содан бөгетті су шайып кетті", - деді В.Божко Үкіметтің бүгінгі отырысында. Министрдің сөзіне қарағанда, қазір Көкпектіде барлық шаралар атқарылып жатыр. Бірақ еліміздің өзге де өңірлерінде су тасқыны қаупі әлі де бар. "Атап өтер мәселе, бізде Ақмола және Қарағанды облыстарында қиын жағдай қалыптасты. Себебі қар лезде еріп, су тез жиналып жатыр. Соның салдарынан бірқатар елді мекендерді су басуда", - деп атап көрсетті В.Божко.    

Премьер-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет бүгіннен бастап ведомствоаралық комиссиясы құрылады. Оның негізгі мақсаты - апаттың негізгі себебін анықтап, зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету. Аталған комиссияны министр В.Божко басқармақ. 

"Наурыздың 11-і күні біз осы мәселені қарап, аймақтардың дайындығын талқылаған болатынбыз. Алайда кейбір өңірлерде көктем ерте шығып, ауа-райы біздің жоспарымызға өзгерістер енгізіп жатыр. Сондықтан барлық әкімдерге осы мәселеге ерекше көңіл бөлуді тапсырамын", - деді С.Ахметов. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети