Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады Фото:depositphotos.com

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 26 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 26 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, облыстың орталығында екпіні 25 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети