Қазгидромет 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазгидромет 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана мен елдің 14 өңірінде ауа райы қолайсыз болады.
Астана қаласында түнде кей жерлерде қатты қар жауады, бұрқасын болады, күндіз жердегі қар ұйтқиды. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы түнде және таңертең 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы қаласында да түнде қатты қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз шығысы мен орталығында көктайғақ пен бұрқасын болады деп болжанған. Батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы батыста, солтүстікте және шығыста 15-20 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде де бұрқасын мен тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде күндіз қатты қар жауады. Түнде батыс, солтүстік және оңтүстігінде, күндіз барлық өңірде бұрқасын болады. Шығыс пен оңтүстікте тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы батыста, солтүстікте 15-20 м/с дейін күшейеді.
Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде күндіз кей жерлерде қатты қар жаууы мүмкін. Тұман мен бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы солтүстікте, оңтүстікте, орталығында 15-20 м/с дейін, кейде 23 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысында түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында және солтүстігінде бұрқасын болады. Батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы күндіз батыста, солтүстікте және шығыста 15-20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысында түнде оңтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ, жердегі қар ұйтқиды. Солтүстік пен шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қатты қар жаууы мүмкін. Түнде бұрқасын, күндіз солтүстігі мен шығысында жердегі қар ұйтқиды. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с дейін, кейде 25 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және күндіз бұрқасын болады. Шығыс өңірлерінде тұман түседі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы батыста, оңтүстікте және шығыста 15-20 м/с дейін жетеді.
Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз солтүстік өңірлерінде 15-20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысында бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы батыста, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді.
Жетісу облысының шығысы мен таулы аймақтарында қатты қар жауады, тұман түседі. Жердегі қар ұйтқып, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шығыста, орталығында және таулы өңірлерде 15-20 м/с дейін, кейде 25 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында кей жерлерде қатты қар жауады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында 18-23 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең қар жауады, таулы аймақтарда қатты қар жауады. Бұрқасын болады. Солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде және таулы аудандарда 15-20 м/с дейін, таулы асуларда 23 м/с дейін жетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!