Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
Синоптиктер 6 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болатынын мәлімдеді.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз басым бөлігінде екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз Жарма ауданында екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Атырау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!