Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, аяз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, аяз болады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда тұман күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанда тұман күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Суық солтүстік-батыс антициклонының енуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді, тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.

"Түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін, еліміздің қиыр солтүстігінде 42 градус аязға дейін, республиканың орталығында және шығысында 28-33 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5-13 градус аязға дейін төмендейді. Республика бойынша тұман түсіп, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді", - делінген болжамда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети