Қазақстанның батысында ұшқышсыз ұшу аппараты құлады: полиция не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның батысында ұшқышсыз ұшу аппараты құлады: полиция не дейді? Фото: mgorod.kz

Мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың біріне жақын маңда ұшқышсыз ұшу аппараты құлады деген ақпарат пен суреттер тарады. Бұл мәліметті өңірлік Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город" басылыман сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, нысан Ақжайық ауданында табылған. Сөз сырттай қарағанда ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсайтын заттар туралы болып отыр.

Ведомство нысанның елді мекендерден тыс жерден табылғанын нақтылады. Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр, мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Мұндай жағдайлар бұған дейін де болған

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшу аппараттарының құлау деректері тіркелген болатын. Мәселен, 2025 жылғы наурызда Жәнібек ауданында белгісіз дронның сынықтары табылған еді. Ол кезде де өңірлік Полиция департаменті тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети