21 сәуір 2016 17:44

Қазақстанның батысындағы оқу-жаттығуға 7 мыңнан аса әскери қызметші қатысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 18-24 сәуір аралығында "Батыс" өңірлік қолбасшылығында әскерлердің ауқымды оқу-жаттығуы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.


ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 18-24 сәуір аралығында "Батыс" өңірлік қолбасшылығында әскерлердің ауқымды оқу-жаттығуы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

"Әскери жаттығу Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында өтіп жатыр. Бүгін қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов "Батыс" және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскерлері, 25744, 86717, 30238, 75488 әскери бөлімдерінің, сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметі және ҚР ІІМ Ұлттық гвардия әскери қызметшілерінің қатысуымен өтіп жатқан "Қаратау-2016" оқу-жаттығуының барысын бақылады", - делінген хабарламада.


© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

"Қаратау-2016" оқу-жаттығуы жоспар бойынша әскери бөлімдер мен басқару органдарын жауынгерлік даярлықтың жоғары дәрежесіне келтіру және ауқымды әскери операциялар өткізуге жағдай жасаудан басталды. Екінші және үшінші кезеңде әскери бөлімдер мен құрылымдар бірлескен оқу-тактикалық шараларды дайындап, өткізуге атсалысады. Аталған жаттығулар "Батыс" өңірлік қолбасшылығының бөлімдері мен құрылымдарының, басқару органдарының ауқымды әскери операцияларды жүргізудегі шынайы даярлығын бағалауға мүмкіндік береді.


© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, бұл ҰҚК Шекара қызметі және ҚР ІІМ Ұлттық гвардия сияқты әскери құрылымдардың бірлескен әрекетін жетілдіру мен бақылауды күшейту үшін қажет екен. "Осындай жаттығулар жеке құрамды жауынгерлік шыңдау, дене даярлығы мен төзімділігін бекіту және алыс қашықтыққа әскерді жеткізу дайындығын нығайтуға бағытталады. "Қаратау-2016" оқу-жаттығуына 7 000-нан аса әскери қызметші қатысуда. Жалпы саны 2500-ге жуық қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде 70-тен аса ҚР ҚК ӘҚК және ҚР Шекара қызметінің әуе техникасы тартылған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети