20 желтоқсан 2022 | 10:58

Қазақстанның бес қаласында ЖЭО 80 пайызға тозған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы жылу электр орталығын жөндеуге 182 миллиард теңге қажет. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы жылу электр орталығын жөндеуге 182 миллиард теңге қажет. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қызыл» аймақтағы жылу электр орталықтары үшін келесі күзгі-қысқы кезеңде тәуекелдерді азайту мақсатында негізгі жабдыққа күрделі жөндеу, реконструкциялау, жаңғыртуды жүргізу көлемі айқындалды. Алдын ала дерек бойынша, жоғарыда аталған жұмыстарды орындау үшін 182 миллиард теңге көлемінде қаржы қажет. Бұл есеп бенчмаркинг шеңберінде жүргізілді", - деді ол.

Министр электр және жылу энергиясына бекітілген тарифтерді ескергеннің өзінде энергия өндіруші ұйымдарды жөндеу үшін 93 миллиард теңге керек екенін мәлім етті.

"Қазіргі уақытта электр станцияларының бекітілген тарифтер шеңберінде электр және жылу энергиясын өткізуден түсетін кіріс толыққанды жөндеу шығынын өтемейді. Жеткіліксіз қаржы сомасы - 88 миллиард теңге. Коммуналдық және квазимемлекеттік меншіктегі 12 жылу электр орталығы бойынша жоғарыда аталған жұмысты іске асыруға мемлекеттік бюджеттен, ал 22 жеке жылу электр орталығы бойынша - меншік иесінің өз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылады", - деді Болат Ақшолақов.

Ақшолақов елдегі ЖЭО жабдықтарының орташа тозуы - 66 пайыз, Орал, Степногорск, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларындағы ЖЭО-лардың тозуы 80 пайыздан асқанын түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети