Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бес облысында 5 желтоқсанда тұман, жел және көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК деректеріне сілтеме жасап.


Қазақстанның бес облысында 5 желтоқсанда тұман, жел және көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК деректеріне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жезқазғанда тұман, көктайғақ болады.

Күндіз Ақмола облысының батысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

5 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оның жылдамдығы таңертең және күндіз таулы аймақтарда секундына 15-20 метрге жетеді.

Петропавлда 5 желтоқсанда оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети