Синоптиктер 12-14 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 12-14 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның бес облысында дауыл және 12 қазанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
"13 қазанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз 23-28 метр, оңтүстік-батыста 30-ға дейін жетеді. 14 қазанда күндізгі ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендейді. 13 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 23-28 метр болады, дауыл ықтималдығы 85-90 пайыз", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 12 және 14 қазанда Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында тұрақсыз, жауын-шашынды ауа райы күтіледі, ал таулы жерлерде қар аралас жаңбыр жауады.