Шығыс Қазақстан облысы коронавирус таралуына байланысты толығымен жабылды. Сонымен қатар, аймақта карантин 15 сәуірге дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы коронавирус таралуына байланысты толығымен жабылды. Сонымен қатар, аймақта карантин 15 сәуірге дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ШҚО бас мемлекеттік санитария дәрігері Қанат Тұрдиевтің жаңа қаулысында айтылған.
"Растайтын құжаттарды көрсеткен кезде осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына (-н) келуіне/кетуіне тыйым салынсын.
Ерекше жағдайларда, осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитариялық бекеттері арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін", - делінген қаулыда.
Мына адамдардың облысқа кіріп-шығуына рұқсат берілген:
- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының, медициналық, санитариялық-эпидемиологиялық, құқық қорғау, арнайы жедел және авариялық қызметтердің қызметкерлері;
- медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар;
- карантиндік стационарларда емделуде және бақылауда болған адамдар;
транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар; - Тұрақты тұрғылықты жеріне оралған адамдар мен облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері);
- вахталық қызметкерлерді және басқа да санаттағы адамдарды тасымалдайтын машиналар. Олардың толық тізімін мына сілтемеден іздеңіз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!