Қазақстанның бірқатар аймағында лаңкестікке қарсы операция жалғасады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірқатар аймағында лаңкестікке қарсы операция жалғасады © Reuters

Төтенше жағдайдың жойылғанына қарамастан Қазақстанның бірқатар өңірінде лаңкестікке қарсы операция жалғасады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының эфирінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайдың жойылғанына қарамастан Қазақстанның бірқатар өңірінде лаңкестікке қарсы операция жалғасады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының эфирінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ертең бірқатар өңірде төтенше жағдай аяқталатынына қарамастан, кейбір аймақтарда антитеррорлық операция режимі жоғары деңгейде сақталады", - деді Қарин.

Оның айтуынша, республиканың құқық қорғау органдарына жағдайды тұрақтандыру шараларын қабылдаумен қатар, ақпараттық шабуылдарға тойтарыс беруге тура келеді.

"Алғашқы күндерден-ақ ашық ақпараттық шабуылдарға тап болдық. Әлі күнге дейін жалған ақпарат, түрлі сипаттағы жалған жаңалық тарататындар көп. Құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру үшін қолданып жатқан шаралардан басқа мен назар аударып, мен атап өткен ақпараттық шабуылдарға тойтарыс беруді бастайды", - деді Мемлекеттік хатшы.

Ол ақпараттық шабуылдар ішкі және сыртқы көздер арқылы ұйымдастырылып, жүзеге асырылатынын атап өтті. Мемлекеттік хатшы Қазақстандағы жағдайдың жалпы тұрақтанғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети