Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап болады Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 24 маусымдағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 24 маусымдағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, күндіз атмосфералық фронттар ықпалынан жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жауады; республика бойынша жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

"Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады", - делінген хабарламада.

Ақтөбе, Алматы облыстарында, солтүстікте, Ұлытау облысының шығысында, Абай облысының солтүстігінде, батысында, Қарағанды облысының орталығында, Ақмоланың батысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, батысында, Маңғыстаудың солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети