06 қараша 2022 | 17:31

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz Tengrinews.kz

Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 қарашада Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде таулы аудандарда, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні секундына 23-28 метр. Шымкентте таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Түркістанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

Жетісу облысының орталығында және таулы аудандарында тұман болады. Талдықорғанда түнде тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Оралда 7 қарашада түнде және таңертең тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын жауады. Батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Петропавлда күндіз 7 қарашада қар, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, түнде секундына 15-20 метр.

Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман, күннің соңында облыстың оңтүстігінде және орталығында екпіні секундына 15-20 метр оңтүстік-батыстан жел соғады. Алматыда 7 қараша түнде және таңертең тұман болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети