Қазақстанның бірнеше облысында жаңбыр жауып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Қазақстанның бірнеше облысында жаңбыр жауып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 31 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде найзағай, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді.
Оралда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысында найзағай, кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с, бұршақ, дауыл күтіледі.
Көкшетауда түнде және таңертең 31 шілдеде қатты жаңбыр жауады, найзағай, тұман күтіледі.
Сондай-ақ, 31 шілде -2 тамыз аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел, шаңды дауыл, найзағай күтілетіні айтылады.