1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады26 тамыз 2020, 14:51

Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 27 тамызда Түркістан облысының таулы аудандарында түнде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Шымкентте түнде және таңертең найзағай, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа жел ауысады, күндіз 27-28 тамызда кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнап, күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!