Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 20 қазанда Маңғыстау облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі.
Ақтауда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысында желдің бағыты оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыс, батыс бағытқа ауысады, күндіз кей жерінде 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.
Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Көкшетауда 20 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Петропавлда түнде 20 қазанда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!