2019 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, мұзтайғақ болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, мұзтайғақ болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан аумағының батыс бөлігіне Қара теңіз аймақтарынан ауысатын циклон әсер етеді, сондықтан батыс пен солтүстік-батыстың кей жерлеріңде жаңбыр, қар жауады. Қазақстан Республикасының қалған аумағында атмосфералық қысым жоғары болады, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Муғалжар ауданында желдың екпіні секундына 18 метр күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел секундына 18 метр күшейеді.
Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр күшейеді.
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысында көктайғақ күтіледі.