15 мамыр 2015 18:26

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 21 пайызға төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© osnetdaily.com © osnetdaily.com

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 21 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 21 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 3 430,1 миллион АҚШ долларына тең болды. Бұл 2014 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 20,9 пайызға аз. Соның ішінде экспорт - 901,6 миллион АҚШ доллары (31,1 пайызға аз), импорт - 2 528,5 миллион АҚШ доллары (16,5 пайызға аз).

"Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер, химиялық өнеркәсіп өнімдері, металдар және олардан жасалған бұйымдар, мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары құрады", - делінген комитеттің хабарламасында.

Ал ЕАЭО елдерінен әкелінетін тауарлардың көшбасында машиналар мен жабдықтар тұр, олардың үлесі ЕАЭО елдері импортының жалпы көлемі бойынша есептегенде 32 пайызға тең. Минералды өнімдер - 17,7, металдар және олардан жасалған бұйымдар - 13,4, химиялық өнеркәсіп өнімдері - 12,7, мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары 12,5 пайызға тең.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети