25 наурыз 2021 17:52

Қазақстанның екі қаласында жарылғыш заттар қойылғаны хабарланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтау мен Ақтөбеде сауда орталығы мен қонақүйге жарылғышқа ұқсас күдікті зат қойылды деген ақпарат тарады. Полиция ғимараттарды тексеріп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтау мен Ақтөбеде сауда орталығы мен қонақүйге жарылғышқа ұқсас күдікті зат қойылды деген ақпарат тарады. Полиция ғимараттарды тексеріп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда 9-шағын аудандағы "Ардагер" сауда орталығы қоршалды.

"Лада" мәліметінше, құқық қорғау органдарына ғимараттағы күдікті зат туралы хабарлама келіп түскен. Ал шамамен сағат 14.00-де куәгерлер сауда орталығы қоршалғанын хабарлаған. 

Ақтөбеде жарылғыш заттың муляжы Ibis қонақүйінен табылды.

"25 наурызда Ақтөбедегі 102 телефонына Сейітов көшесі, 5 мекен-жайында орналасқан Ibis қонақүйінің қауіпсіздік қызметінің бастығынан дәретхана бөлмесінен жарылғыш зат табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлық жедел қызмет жіберілді.

Полиция қызметкерлері қонақүйден 97 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 10 адам сондағы қызметкер, 7 адам қонақүй ғимаратында орналасқан банк қызметкері, сондай-ақ 80 қонақ", - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті өкілі.

Саперлер қонақүй ғимаратын тексеріп, бірінші қабатта орналасқан дәретхана бөлмесінен жарылғыш құрылғыға ұқсас металл зат тапты. Оның сыртында "муляж" деп тұрған. 

"Жарылғыш заттың көшірмесін тастап кеткен адамдарды анықтауға бағытталған арнайы және жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі "Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша соталды тергеу басталды", - деп толықтырды полиция өкілдері.

19 наурызда Алматыда 34 мектепке "мина қойылды" деген ақапарат тарады. Білім беру мекемелерінің электрон поштасына хабарлама келіп түскен. Онда қаскүнем ақша аударуды сұраған. Ал қалауы орындалмаса, мектеп ғимаратын жарып жіберемін деп қорқытқан. Бірде-бір ғимаратта жарылғыш құрылғы табылған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети