23 қараша 2017 15:33

Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pniva.by © pniva.by

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 24-26 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жел тұрады.

"Оңтүстік Қазақстан облысында 26 қарашада екпіні 25 м/с жел тұрып, жауын-шашын жауып, кей жерлерде қатты жаңбыр мен қар болуы мүмкін. Ал күндізгі уақытта ауа температурасы 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0 градусқа дейін күрт төмендеуі күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, синоптиктер 24 қарашада күндізгі уақытта Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан екпіні 15-20 м/с жел болуы мүмкін екенін хабарлайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети