Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына тағы да шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін, 2015 жылдың 12 наурызында Шығыс Қазақстан облысында Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы автожолының Шемонаихадан РФ шекарасына дейінгі 105-123-шақырымдардағы учаскесінде ауа райы жағдайларының нашарлауына (қар, боран, көріну мүмкіндігінің нашарлауы) байланысты автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа 11 наурыз күні 16.45-те енгізілген шектеу сақталады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Жезқазған - Петропавл автожолының Жезқазғаннан Қостанай облысы шекарасына дейінгі учаскесінде, Ботақара - Керней - Үміткер - Баянауыл - Қалқаман автожолының Ботақарадан Павлодар облысы шекарасына дейінгі учаскесінде және Астана - Киевка - Теміртау автожолының Ақмола облысы шекарасынан Теміртау қаласына дейінгі учаскесінде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына 10 наурыз күні енгізілген шектеу сақталады.