Қазақстанның екі облысында тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның екі облысында тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды Фото:depositphotos.com

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2025 жылғы 21 ақпан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 337-492 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2025 жылғы 21 ақпан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 255-337 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарауылкелді ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолдарды 2025 жылғы 21 ақпан сағат 19:00-де ашу жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети