Қазақстанның екі облысында үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Қазақстанның екі облысында үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 6-9 қазан аралығында Жамбыл облысында ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендейді.
Сондай-ақ, 6 қазанда күндіз және 7 қазанда тәулік бойы Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі мүмкін екені айтылады.
"Орал қаласында 7 қазанда оңтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с-ке дейін күшейеді. Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін", - деп хабарлады синоптиктер.