Қазақстанның екі облысындағы ірі өрт 45 мың гектар аумақты шарпыды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ТЖМ Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысында өртті сөндіру бойынша соңғы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысында өртті сөндіру бойынша соңғы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 18:30-дағы жағдай бойынша Айыр, Шөптікөл, Қызылшілік, Атантай, Теректі елді мекендеріне қауіп жоқ.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов қазір Қарағанды облысында жүр. Далалық өрт сөндіру штабтары жұмысын жалғастырып жатыр, ол жерде ТЖД басшылығы бар.

"Алдын ала ақпарат бойынша ауданы 35 мың гектар құрғақ шөп жанып жатыр. Екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдарынан – 386 адам, 64 бірлік техника, ҚР ТЖМ мен Қорғаныс министрлігінің әуе кемелері жұмылдырылуда. Табиғи өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдар 4 жауынгерлік учаскеге бөлінді", – деп хабарлады министрлік.

Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 30 рет 50-ден астам тонна су төкті.

Ұлттық ұлан, Кувский орманшылары, жергілікті атқарушы органдардан, Қарағанды және Ақмола облыстары ТЖД, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінен қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

"Қарқаралы ауданында екі бірлік жылжымалы тамақтану пункті дайындалды, азық-түлік және заттай жарақтар қамтамасыз етілді. Сонымен қатар Қарағанды облысы ТЖД 8 721 2 51 72 23 жедел желі телефоны жұмыс істейді. Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы өрттің жалпы ауданы – 45 мың гектар. Бұл ретте Павлодар облысындағы өрт алдын ала 10 мың гектар алқапта оқшауланғанын еске саламыз", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro