Қазақстанның ең көп ерлер мен әйелдер тұратын өңірлері аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ең көп ерлер мен әйелдер тұратын өңірлері аталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан аймақтарында қанша ер мен әйел тұратынын есептеді. Сондай-ақ, қалалар мен ауылдардағы халық саны туралы мәліметтер ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан аймақтарында қанша ер мен әйел тұратынын есептеді. Сондай-ақ, қалалар мен ауылдардағы халық саны туралы мәліметтер ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бюро мәліметінше, Қазақстанның әйелдер көп тұратын аймағы – Алматы. Жыл басында қалада 1 192 870 әйел болған.

Өз кезегінде ерлердің ең көп саны – Түркістан облысында тұрды, 1 092 059 адам.

Жалпы, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда 9 815 465 ер адам және 10 280 498 әйел адам болған. 12 513 014 қазақстандық қалада, 7 582 949 адам ауылда тұрады.

Қала халқының ең көп үлесі Қарағанды ​​облысы (81,7 пайыз), Ұлытау облысы (79,2 пайыз) және Ақтөбе облысында (75 пайыз), ең азы – Алматы (16,1 пайыз), Түркістан (24,7 пайыз) және Жамбыл (43,5 пайыз) облыстарында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети