Қазақстанның Франциядағы бұрынғы елшісі жаңа қызметке тағайындалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Франциядағы бұрынғы елшісі жаңа қызметке тағайындалды

Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жан Ғалиев 1972 жылы желтоқсанда дүниеге келген.

1994 жылы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін;

1996 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Халықаралық қатынастар институтын (Страсбург қ., Франция);

1998 жылы Франция Премьер-министрі жанындағы Халықаралық мемлекеттік басқару институтын (Париж қ.), Адам құқықтары институтын (Страсбург қ.), Халықаралық құқық академиясын (Гаага қ., Нидерланд);

2006 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірді.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінде тілші-сарапшы ретінде бастаған.

1999 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің референті, үшінші хатшысы, екінші хатшысы ретінде жұмыс істеді;

2001 жылдан 2005 жылға дейін Франциядағы ҚР Елшілігінің екінші хатшысы болды, одан кейін ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің Еуропа басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Кейін Бельгия мен Франциядағы ҚР елшіліктерінде Кеңесші-уәкіл, сондай-ақ ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып жұмыс істеді.

ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін 2017-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Франциядағы және Монакодағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі болды.

2021 жылдың желтоқсан айында "Құрмет" орденімен марапатталды. І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие. Француз және ағылшын тілдерін меңгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети