13 ақпан 2014 | 11:50

Қазақстанның жерлері бір кітапшаға енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото altyn-orda.kz сайтынан Фото altyn-orda.kz сайтынан

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында "Агробизнес - 2020" мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілуі тиіс. Оған сәйкес, жаңа технологияларды қолданатын шаруаларға мемлекеттік субсидиялар көптеп беріледі. Ауыл шаруашылығы алқаптарын игеру барысы арнайы кітапшада көрсетіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниевке сілтеме жасап. "Осылайша, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жаңа технологияларды қолданатын шаруаларға мемлекеттік субсидиялардың көтерме соммасы бөлінеді. Оның барлығы жаңа жоғары технологиялық кәсіпорындарды құруға арналып отыр", - дейді жауапты хатшы. Бұдан бөлек, жердің тиімді нарығын қалыптастыру қарастырылған. Баға ашықтығы мен қосымша инвестициялар осы нарықтың негізгі ерекшеліктері болмақ. "Мұнда да жаңа технологияларды енгізу басты талаптардың бірі болады. Осы мақсатты шешу үшін министрлік арнайы шараларды қолға алмақ. Оның бірі - жерлердің арнайы кітапшасын енгізу. Онда жер алқаптарының тарихы және оны пайдалану барысы көрсетіледі. Бұның барлығы алқап иелерін жерді тиімді пайдалануға міндеттейді", - дейді А.Евниев. Ал олардың жерді игеруге деген құлшынысын арттыру мақсатында салық саласында бірқатар жеңілдіктерді беру көзделген.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети