24 қыркүйекте Қазақстанның жеті қаласында ауа райы қолайсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мәліметіне сілтеме жасап.
"2025 жылғы 24 қыркүйекте Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Ақтау, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!