Қазақстанның жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Фото:depositphotos.com

Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Атырауда да түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында - тұман. Қостанайда да түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде - тұман. Петропавлда да түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп болжанады. Найзағай кезінде оңтүстік-шығыстын соққан желдің 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнап, қатты жел тұрады. Найзағай кезінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі деп болжанады. Павлодарда да түнде және таңертең тұман түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети