Қазақстанның жеті өңірінде жолдар жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның жеті өңірінде жолдар жабылды Фото:depositphotos.com

2024 жылғы 22 ақпанда таңғы сағат 6.00-дегі жағдай бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты жеті облыста республикалық маңызы бар 28 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылғы 22 ақпанда таңғы сағат 6.00-дегі жағдай бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты жеті облыста республикалық маңызы бар 28 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • Абай облысы – 6 тасжол, жалпы ұзындығы 1841 шақырым (температураның төмендеуі -30 градус);
  • Ақмола облысы – жалпы ұзындығы 41 шақырым 1 автожол. (Павлодар облысында ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты);
  • Шығыс Қазақстан облысы - 7 учаске, жалпы жол ұзындығы 1238 шақырым (ауа температурасының -45°С дейін төмендеуі, қар көшкіндері);
  • Қарағанды облысы – 3 тасжол, жалпы ұзындығы 265 шақырым. (Абай және Павлодар облыстарында ауа температурасының төмендеуі);
  • Қостанай облысы – 1 тасжол, жалпы ұзындығы 83 шақырым. (Ұлытау өңіріндегі ауа райының нашарлауына байланысты);
  • Павлодар облысы – жалпы ұзындығы 1624 шақырымды құрайтын 9 автомобиль жолы (ауа температурасының төмендеуі);
  • Ұлытау облысы – жалпы ұзындығы 115 шақырым 1 автожол (қатты жел, ауа температурасының төмендеуі);

"Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бүкіл желісі бойынша шектеу қойылды - 5207 шақырым немесе бүкіл желінің 20,83 пайызы жұмыс істейді. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 223 техника мен 233 адам жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети